Жүзу
Бүгін 13:54

Қазақстан жүзушілері әлем кубогының алғашқы күнінде екі ұлттық рекорд орнатты

©ҚР ҰОК

Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі жалғасуда. Алғашқы жарыс күні өткен финалдық кезеңде үш отандасымыз сынға түсті.

Егор Попов 100 метрді еркін стильде 47.74 секундта жүзіп өтіп, оныншы орын алды.

Софья Сподаренко 50 метрді баттерфляй әдісімен 26.27 секундта бағындырып, тоғызыншы орынға жайғасты. Айта кетейік, Софья іріктеу кезеңінде көрсеткен 25.97 секунд нәтижесі арқылы Қазақстан рекордын жаңартты.

Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 26.50 секунд нәтижесін көрсетіп, сегізінші орынға ие болды. Одан бөлек отандасымыз ұлттық рекордты жаңартты.

Айбат сондай-ақ 200 метрге кешенді жүзу сайысында 1:57.91 уақыт көрсеткішін тіркеп, оныншы сатыға табан тіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport