Жүзу
Бүгін 13:06

Қазақстан жүзуден Азия Пара ойындарында күміс жеңіп алды

©Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Қазақстан құрамасы жүзуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

Отандастарымыз 4×50 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада екінші орын алды. Қазақстандық спортшылар қашықтықты 2 минут 48,99 секундта жүзіп өтті.

Ұлттық құрама сапында Наталья Звягенцева, Айсұлтан Кулькеев, Сиязбек Далиев және Зульфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

Жарыста Қытай құрамасы 2 минут 25,22 секунд нәтижесімен топ жарды. Ал Таиланд өкілдері 2 минут 54,64 секунд көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport