1 желтоқсанда Бейжіңде (Қытай) қысқа қашықтықта жүзуден (25 м) әлем чемпионаты басталады.
Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды.
Жарысқа қатысатын ұлттық құраманың тізіміне Ғалымжан Балабек, Ксения Игнатова, Глеб Коваленя, Әділбек Мусин кірді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.