1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Жүзу
Кеше 10:25
 

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты жүлдемен аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты жүлдемен аяқтады ©СДД

Медельинде (Колумбия) әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

blog.share

Медельинде (Колумбия) әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста екі алтын, бір күміс, үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Ерлер арасында Эдуард Ким еркін бағдарламада топ жарып, алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада да Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ал техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алды.

Одан бөлек ұлттық құрама топтық акробатикалық бағдарламада күміс жүлдегер атанды.

Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов техникалық бағдарламаның жұптық сынында қола медальға ие болса, Наргиза Болатова және Виктор Друзин еркін бағдарламаның жұптық сайысында үшінші орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!