Жүзу
13 қараша 15:34
 

Қазақастандық Ислам ойындарында алтын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақастандық Ислам ойындарында алтын жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды.

blog.share

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды.

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.

Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.

"Екінші алтын медаль алғаныма өте қуаныштымын. Соңғы күндері қатты шаршадық, сондықтан енді аздап демалатынымызға да қуанып тұрмын. Жарысты тамаша нәтижемен аяқтадық. 

Екі алтынның да өз ерекшелігі бар. Бірақ, бір қызығы 100 метрлік қашықтықта өзімді жақсырақ сезіндім.

Бізбен бірге бапкерлер мен түрлі сала мамандары жұмыс істейді. Барлығына алғыс білдіремін. Сондай-ақ қолдау көрсеткен барша жанкүйерге көп рақмет. Алда әлі қысқа қашықтықта өтетін сайыстар бар. Сондықтан соған дайындаламыз. Әзірге нақты жоспар жоқ, бәрін ойластырамыз," - деді Сподаренко.

Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды - 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді - 1:02.42.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!