Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының жартылай финалына шықты

Дмитрий Баландин. Фото: olympic.kz (c)

Ресейдің Қазан қаласында жүзуден өтіп жатқан Ресей чемпионатының 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша қазақстандық Дмитрий Баландин жартылай финалға шықты,- деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы  тиісті қашықтықты 27,62 секундта бағындырып, бeсінші орыннан көрінген. Сәтті өнер көрсетудің нәтижесінде ол турнирдің жартылай финалына жолдама алды. 

Қоса кетейік, бүгін ерлер арасында 50 м брасс әдісімен жүзуден жартылай финал және финалдық жарыстар өтеді. Жартылай финалдық бәсеке Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де, ал финал 22:36-ға жоспарланған. 
 

Жаңалықтар