auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Дмитрий Баландин Испаниядағы жарыста үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды

Отандасымыз брасс әдісімен 50, 100 және 200 метрге жүзуде үздік шықты.

Дмитрий Баландин Испаниядағы жарыста үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды
ҚР ҰОК
Жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Испаниядағы халықаралық турнирде абсолютті чемпион атанды. Отандасымыз брасс әдісімен 50, 100 және 200 метрге жүзуде үздік шықты.

Қазақстандық спортшы жарыстағы үшінші алтын жүлдесін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңіп алды. Аталған қашықтықты 1:00.43 минутта жүзіп өтті.

Испаниядағы халықаралық турнирге Қазақстан атынан барған 4 спортшы барлығы 8 медаль жеңіп алды. Дмитрийдің еншісінде 3 алтын болса, Әділбек Мусин – 2 күміс, Әділ Қасқабай – 1 күміс, 1 қола, Айбек Қамзенов 1 қола жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ Дмитрий Баландин жарыс рекордын жаңартқан болатын.

- 2018 жылғы маусым сәтті басталды. Жарыс қорытындысына қарап, Индонезиядағы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетеміз деген үміттеміз. Алда спортшыларды ел чемпионаты күтіп тұр. Жарыс 23-27 сәуір аралығында Ақтөбеде өтеді. Ол да Азия ойындарына дайындықтың бір кезеңі, - деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Олег Вагизов ҚР ҰОК сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Испанияның Малага қаласында өткен халықаралық турнир – жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының Азия ойындарына дайындығының бірі кезеңі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар