Дмитрий Баландин АҚШ-та өткен жарыста жеңімпаз атанды

Атланта қаласында АҚШ-тың ашық чемпионаты басталды. Жарысқа қазақстандық Дмитрий Баландин мен Әділбек Мусин қатысып жатыр, - деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының жеңімпазы Баландин брасс әдісімен 100 метрге жүзуде бірінші болып келді. Оның уақыты - 59,36.

Күміс медальды америкалық Андрю Уилссону (59.54) алды. Қола медаль америкалық Коди Миллерге (59.92) бұйырды.
Жаңалықтар