auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпадасына жолдама жеңіп алды

Олимпиада чемпионы FINA ұйымының жаңа жарысына қатысты.

Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпадасына жолдама жеңіп алды
Дмитрий Баландин. © ҚР ҰОК
Рио-2016 чемпионы қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Брасс әдісімен 200 метрге жүзу сайысында берілген қашықтықты 2:09.37 уақытымен жүзіп өткен біздің спортшы төртінші нәтижені көрсетті. А нормативінің уақыты - 2:10.35. Осылайша қазақстандық спортшы осы жетістігінің арқасында Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Осы қашықтықта 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік Антон Чупков 2:07.48 уақытымен жеңімпаз атанды. Екінші орында қытайлық Цин Хайянь. Оның уақыты - 2:08.31. Жапониялық  Иппэй Ватанабэ 2:09.33 көрсеткішімен үшінші орын алды.

Сондай-ақ, Баландин 4х100 метр аралас эстафетасына қатысты. Бұл сайыста ол қола жүлде иеленді.

"Swim Series турнирінің алғашқы кезеңінен үлкен әсер алдым. Шоу өте жоғары деңгейде екенін көрініп тұр. Спортшыларға да, жанкүйерлерге де өте қызықты. Осы жарыс арқылы Олимпиада ойындарына дайындалып жатырмын. Турнирге қатысып жатқан әлемнің үздік спортшыларымен жарысу мүмкіндігі туғанына қуаныштымын. 200 метрге брасс әдісімен жүзу және эстафета сайысына қатыстым. Эстафетаға қатысатын командалар жеребе арқылы жасақталды. Менімен бірге ресейлік спортшы және Австралия мен Ұлыбританияның жүзушілері болды. Жеңіске жетуге де болушы еді, сәл ғана қарсыластарға есе жіберіп қойдық",- дейді Баландин.

Айта кетейік, бұл турнирге нормативтерді орындау арқылы қатысу мүмкіндігі жоқ, тек үздіктер арнайы шақыртумен бағын сынай алады. Жарысқа олимпиада чемпиондары, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары, рекордшылар мен FINA-ның былтырғы рейтингінің көшбасшылары ғана қатысып жатыр.

Бірегей турнирдің екінші кезеңі 11 мамырда Будапешт қаласында өтеді. Әлемдік серияның соңғы кезеңі 31-мамыр мен 1-маусым аралығында АҚШ-тың Индианаполис қаласында болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар