Баландин сүйіктісіне ұсыныс жасады

©instagram.com/dmitriy_balandin

2016 жылы Риода өткен Олимпиаданың чемпионы 26 жастағы Дмитрий Баландин өзінің сүйіктісі Кристина Тыныбаеваға үйлену туралы ұсынысын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл сәттің фото мен видеосын спортшының болашақ жары Instagram желісінде жариялапты. 

25 жастағы Кристина өзі де спортқа жақын. Тыныбаева синхронды жүзумен айналысады. 

Еске салайық, Рио-де-Жанейродағы Жазғы ойындарда сол кезде 21 жастағы Дмитрий Баландин Қазақстан тарихында алғаш рет жүзуден алтын жеңіп алған еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар