Баландин АҚШ-тағы жарыста тағы бір медаль алды

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин АҚШ-тың Атланта қаласында жүзуден өтіп жатқан ашық чемпионатында тағы бір медаль алды, - деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Баландин өзі машықтанған дистанцияда (200 метр брасс) 2:09.71 минутта келіп, екінші орынды иеленді. Бірінші орынға америкалық Коди Миллер (2:09.67) шықты. Қола көш бастаған спортшының отандасы Эндрю Уилсонға (2:10.10) бұйырды.

Қазақстандық спортшы үшін бұл осы турнирдегі екінші медаль. Осыған дейін ол брасс әдісіміне 100 метрге жүзу бойынша Уилсон мен Миллерді басып озып, алтын медаль алған еді.
Жаңалықтар