auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Алматыда олимпиада чемпионы Баландиннің көлігінен айнасын шешіп кетті

Оқиға Құрманғазы, Абылай хан және Байсейітова көшелерінің қиылысында болды.

Алматыда олимпиада чемпионы Баландиннің көлігінен айнасын шешіп кетті
© REUTERS/Michael Dalder
Алматыда жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінен айнасын ұрлап кетті, - деп хабарлайды inAlmaty.kz ақпарат порталы.

Оқиға Құрманғазы, Абылай хан және Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Спортшы достарымен кафеде түскі ас ішіп отырған, кейін далаға шыққанда айнасын шешіп алып кеткенін байқап, полицияға шағымданған.

"Toyota Land Cruiser айдаймын, оны Олимпиададан кейін сыйлаған. Бір айнасы шамамен 400 мың теңге тұрады. Біз Денис Тенді өлтірген жерге жақын отырғанбыз. Адамдар әлі де айна ұрлайды, ашуың келеді. Халық өзгермейді", - деді Дмитрий Баландин.



Спортшы бір жыл бұрын да осындай оқиғаға тап болған. Ол кезде ұрылар тұрақтағы көліктен айналарын шешіп кеткен. Полицейлер істі бақылауға алса да, кінәлілерді таппаған.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан. Спортшы оларды көлігінен айна шешіп жатқан жерінен ұстап, ұрлықтың алдын алуға тырысқан, алайда жамбасынан пышақ соққысын алып, көп қан жоғалтып, қайтыс болды.

17 қаңтарда сот Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың сыбайласы Жанар Толыбаева төрт жыл колонияға кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар