Плавание
25 шілде 2023 13:53
 

Әлем чемпионатында 100 метрге жүзуде мәреге үш спортшы бірдей уақытта келді

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионатында 100 метрге жүзуде мәреге үш спортшы бірдей уақытта келді © Instagram/world_aquatics

Су спорты түрлерінен Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ерекше спорттық нәтиже тіркелді. 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үш бірдей спортшы бірдей нәтиже көрсетіп, үшеуі де күміс жүлдегер атанды. 

blog.share

Су спорты түрлерінен Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ерекше спорттық нәтиже тіркелді. 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үш бірдей спортшы бірдей нәтиже көрсетіп, үшеуі де күміс жүлдегер атанды. 

Бұл қашықтыққа жүзуде қытайлық Цинь Хайян (57,69 секунды) үздік шықты. Үздік шығып қана қоймай, осы қашықтықты ең жылдам жүзіп өткен екінщі адам саналды. Рекорд британдық жүзгіш Адам Питиге (2019 ж, 56, 88 сек) тиесілі. 

Қытайлық спортшыдан кейін 58,72 секунд көрсеткішімен италиялық Николо Мартиненги, нидерланд Арно Камминга және америкалық Ник Финк жетті. Үшеуі де бірдей нәтиже көрсеткеннен кейін, үшеуі күміс жүлдегер болып танылды. 

"Бұл нағыз таңданатын, ақылға қонымсыз сәт. Жарыс алдында біз үшеуміз екі жүлдеге таласамыз  деп ойлағанмын, бірақ мен үшеуміз де бірдей жүлде алаамыз  деп ойламадым, бұл деген", – таңданарлық көрсеткіш, - деді Николо Мартиненги. 

Италиядан келген спортшы 100 метрге брасс әдісімен жүзуде өткен жылы чемпион болған. Сондай-ақ Токиодағы Олимпиада ойындарында күміс медаль еншілеген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!