Әділбек Мусин Түркиядағы ислам ынтымақтастығы ойындарының тағы бір алтынын жеңіп алды

©olympic.kz

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Түркиядағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының екінші алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол баттерфляймен 50 метр қашықтықта ақтық мәреде жеңіске жетті. Сондай-ақ, ол эстафеталық команда құрамында 4-тен 100 метр кешенді жүзуден үшінші болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мусин 100 метр қашықтықта баттерфляймен бірінші болып өнер көрсеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар