Жүзу
26 мамыр 2025 17:48

Әділбек Мусин Франциядағы турнирде екі күміс жеңіп алды

©kazsports.kz

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Францияның Кан-ан-Руссийон қаласында өткен беделді халықаралық турнирде екі бірдей жүлдеге ие болды.

Жарыстың алғашқы күні Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде екінші нәтиже көрсетті.

Кейін ол 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуден де финалға өтіп, осы бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін Әділбек Мусин ел чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport