Кеше, 19 наурызда ресейлік атақты журналист, комментатор әрі блогер Василий Уткин көз жұмды, деп жазады Vesti.kz.
Ол 52 жаста болатын.
"Бұл постты жазу бізге ауыр тиіп отыр. Бірақ бұл шындық. Василий енді қатарымызда жоқ", - деп жазылған Уткин иелігінде болған "Эгриси" әуесқой футбол клубының хабарламасында.
Уткин ресейлік "НТВ" және "НТВ-плюс" телеарналарында жұмысы кезінде танылды. Соңғы жылдары ол блогерлікпен айналысып, медиафутболдағы "Эгриси" командасын дамытумен айналысқан.