Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Норвегияның Хамар қаласындағы Әлем кубогі кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді.
Спортшы 500 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Мәреде Кошкин 34,56 секунд нәтиже тіркеп, алтыншы орынды иеленді.
Жарыста жеңіс америкалық Джордан Штольцқа бұйырды — 34,14. Күміс жүлдені поляк Дамиан Журек иеленді — 34,14. Қола жапониялық Юта Хироисеге тиді — 34,44.
Жарнама