Коньки спорты
Бүгін 17:39
 

Қазақстандық конькиші Жапониядағы әлем кубогы кезеңінде үздік бестікте көрінді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық конькиші Жапониядағы әлем кубогы кезеңінде үздік бестікте көрінді ©ҚР ҰОК

Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі басталды.

blog.share

Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова 1000 метр қашықтықта бесінші орын алды.

Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,38 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған Нидерланд өкілі Ангел Далеманнан 1,68 секундқа қалып қойды.

Екінші орынды тағы бір нидерландтық Изабель Гревелт (1:14.66) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (1:14.80) түйіндеді.

Еске салайық, Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Кристина Шумекова осы қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!