Дмитрий Морозов әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанды

©olympic

Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дмитрий Морозов конькимен 500 метр қашықтыққа жүгіруден көпсайыста бірінші орын иеленді, деп жазады Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейжің Олимпиадасының қатысушысы жарты шақырымдық қашықтықты 36.12 секунд уақытымен бағындырды.

Жапониялық Рику Тсутия мәре сызығын екінші болып кессе, норвегиялық Педер Конгсхеуг үздік үштікті қорытындылады. Конгсхеуг Қытайдағы ақ ойындарда командалық із қуу жарысында алтын медаль иеленген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар