Денис Кузин халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

©olympic

Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы да жүлдемен толықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ерлер арасында 1000 метрге жарысудан қазақстандық Денис Кузин алтын жүлдегер атанды. Ол АҚШ және Тайпей спортшыларының алдын орады. 

Әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден Екатерина Айдова жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жеңімпаз атанған Тайпей спортшысынан 1.04 секунд ұтылып, күміс медаль иеленген. 

Ерлер арасындағы командалық жарыста Канадаға есе жіберген Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар