Коньки спорты
3 наурыз 17:11

2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын конькишілер белгілі

©

5-8 наурыз аралығында Херенвен қаласында (Нидерланд) конькимен жүгіруден классикалық және спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтеді.

Дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Әлем біріншілігінде ел намысын үш спортшы қорғайды.

Надежда Морозова классикалық көпсайыста сынға түседі. Ал Арина Ильященко мен Артур Галиев спринтерлік көпсайыста бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport