auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жамағат арасында Спартакиада өтті

Жамағат арасында Спартакиада өтті
©Ольга Апельганец

Алматы қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы спартакиаданың жыл өткен сайын ауқымы кеңіп келеді. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетініӊ алаӊында өткен бұл шараға 2000-ға жуық мешіт жамағаты жиналды. Жарысқа қатысушылар: арқан тарту, армрестлинг, кір тасын көтеру,  қошқар көтеру, асық ату, петанк, допты қақпаға тебу секілді спорт түрлерінен бақ сынады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жиналған жамағаттың назарын өзіне аударған – "Қошқар көтеру" сайысы болды. Шын мықтылар бәсекесінде қошқарды иыққа салып 101 рет көтерген Бауыржан Әбдіқайым жеңімпаз атанса, Евгений Ким 2-орынды иеленді. 3-орынға Нұрболат Ертас көтерілді. Кір тасын көтерген білекті жігіттер де көпшілікті тамсандырды. Тасты 81 рет әуелеткен Еркін Ерімбетов бас жүлделі болса, 80 рет көтерген Ақжол Жолдасбаев екінші, 60 рет серпе көтерген Урматбек Ибрагимов үшінші орын алды.

Арқан тартқанда ұйымшылдық танытқан Төле би мешітінің жамағаты топ жарды. Финалда есе жіберіп алған Абай мешітінің командасы 2-орын, әл-Мұхамед мешітінің жамағаты 3-орынға тұрақтады. Допты қақпаға тебуде Жандос Тұрысбек мергендік танытса, құрамында Азамат Дүйсенбай, Бекзат Рижанов және Саят Мұхаметкәрім өнер көрсеткен "Нұр-Мүбәрәк" командасы петанк ойынында жеңіске жетті.  Ұлттық ойын – асық атуда Раис Жеңісұлы жеңімпаз болды. Ал білекті жігіттердің бәсекесі – армрестлингте Төле би мешітінің намысын қорғаған Абзал Тілеубаев мықты екенін дәлелдеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыс соңында бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Жамағат арасындағы жарыстарға деген көпшіліктің ықыласы жыл санап артып келеді. Биыл футбол, волейбол және мереке күндеріне орайластырылған түрлі спартакиадалар өтті. Бастысы осындай игі шаралар арқылы елдің руханияты көтеріліп, мешіт жамағатының бірлігі нығая түссе деген тілек бар", - деді жарысты ұйымдастырушы Әлия Шайхан.

Шараның негізгі мақсаты да мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету.

Жамағат арасындағы биылғы жарыстарды үстел теннисінің шеберлері түйіндейді. Алдымен ауданаралық бәсекеден іріктелгендер 21 қарашада өтетін финалда бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама