Испания
14 маусым 2021 16:06
 

Зинедин Зидан ұлы қатысқан ойында тілшіні мазақ етіп кетті

  Пікірлер

blog.share

Зинедин Зидан ұлы қатысқан ойында тілшіні мазақ етіп кетті Сурет: Sportbox.ru

Мадридтің "Реалдың" бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан кеше Испанияның екінші біріншілігі, Сегунданың плей-оф кезеңінде кездескен "Райо Вальекано" мен "Жирона" арасындағы ойынды тамашалады. 

blog.share

Мадридтің "Реалдың" бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан кеше Испанияның екінші біріншілігі, Сегунданың плей-оф кезеңінде кездескен "Райо Вальекано" мен "Жирона" арасындағы ойынды тамашалады. 

Бұл ойын 1:2 есебімен "Жиронаның" пайдасына аяқталды. "Райо" командасының сапында франциялық маманның ұлы Люка Зидан ойнады. 

Ойыннан кейін Зиданға GOL порталының тілшісі Серджио Киранте келіп, "Реалдан" кетуге байланысты сұрақ қойған. 

Зидан тілшіге Зидан назар аудармай өтіп бара жатқан. Бірақ кейін ашуланып, тілшіні мазақ етіп кетті. "Сен осы сұрақты қайталап қоя бересің бе? Бұл ақылға сыймайтын сұрақты неге қайталай бересің? Сенің жұмысың - масқара! 

Мен сізді, сіз мені жақсы білесіз. Сіз кәсіпқой тілші емессіз. Бірнәрсені қайталай бересіз. Кеттік, камерасыз сөйлесейік", - дет тілшіні тоқтатып тастады. 

Айта кетейік, 48 жастағы маман биыл маусым аяқталған соң "Реалдан" кеткен болатын. Ол кеткен сәтінде жанкүйерлерге хат жазып, онда команданың басшылығы оны қолдамайтынын айтты. 

Жарнама

Живи спортом!