"Барселона" футбол клубының шабуылшысы Луис Суарес жарақатына байланысты Испания кубогының финалына қатыспайды. Бұл туралы каталондық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап батыс басылымдары хабарлауда.
Уругвайлық шабуылшының оң аяғынан алған жарақатынан айығу үшін 2 аптаға жуық уақыт қажет екен.
Айта кетейік, Испания кубогының финалы 27 мамыр күні "Барселона" мен "Алавес" командалары арасында өтеді.
Жарнама