Серхио Рамос "Реал Мадрид" тарихындағы ерекше рекорд иесі атанды

Сурет "Реал" сайтынан алынды.
Испания біріншілігінің 12-ші турында "Реал Мадрид" өз алаңында "Атлетиконы" қабылдады. Кездесу "Альфредо Ди Стефано" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

MisterChip порталы хабарлағандай, қорғаушы Серхио Рамос осы кездесуде мадридтік дерби саны бойынша "Реал Мадридтің" рекордын орнатты. Испаниялық футболшының еншісінде олардың саны 43-ке жетті, осы көрсеткіш бойынша ол 42 дерби өткізген Маноло Санчис пен Франсиско Хентоны артқа тастады.

Осы жеңістің арқасында мадридтік клуб 12 кездесуде 23 ұпай жинап, Ла Лиганың турнирлік кестесінде 3-орынға көтерілді. "Атлетико" жеңіліске қарамастан, Ла Лигадағы көшбасшылықты сақтап қалды (26 ұпай).

Рамос "Реал Мадридте" 2005 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, және оған дейін "Севильяда" ойнаған. 34 жастағы футболшы корольдік клубпен 22 кубок жеңіп алды, соның ішінде төрт рет Чемпиондар лигасында жеңіске жетті және бес рет Испания чемпионы атанды. Капитанның қазіргі келісімі 2021 жылдың жазына дейін есептелген.
Метки: