Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы және капитаны Серхио Рамос клубтан кетеді, деп хабарлайды COPE басылымы.
Дереккөздің хабарлауынша, мадридтік клуб 35 жастағы футболшымен жаңа келісім-шарт бойынша бір мәмілеге келе алмаған. Рамостың келісім-шарты осы жазда аяқталады.
Еске салайық, Рамос "Реал Мадрид" сапында 2005 жылдан бері ойнап келеді. 2020/2021 жылғы маусымда қорғаушы мадридтік клуб үшін 21 матч өткізіп, төрт гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Бұған дейін Рамостың келісім-шартын екі жылға ұзартқысы келетіні және жалақысын 10 пайызға қысқартуға дайын екендігі хабарланған болатын.
Айта кетейік, Серхио Рамос он күннен кейін шымылдығын түретін Еуропа чемпионатынан тыс қалады. Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике оны бұл турнирге қатысатын ойыншылардың тізіміне қоспады.