Роналду ПСЖ командасына ауысқысы келген екен

Криштиану Роналду. Сурет: Reuters
Туриндік "Ювентус" командасы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду франциялық "Пари Cен-Жермен" командасына ауысқысы келген. 

France Football басылымының жазуынша, шабуылшы "Ювентустің" Чемпиондар лигасындағы 22 қазан күні "Локомотивке" қарсы кездесуде ойынына көңілі толмаған. 

Португалиялық футболшы бұл жағдайға ашуланып Андреа Аньелли, Павел Недвед, Джанлуиджи Буффон және футболшының агенті Жорже Мендеш қатысқан матч соңындағы жиналыста айтыпты. 

Содан кейін Роналду ПСЖ командасына ауысу туралы ойлаған. Ол Неймар мен Килиан Мбаппенің қасында ойнағысы келгенін айтқан. Бразилиялық шабуылшымен Роналду жақсы араласады, ал франциялық шабуылшының ойыны оған ұнайды. Сонымен қатар, ол Парижде тұрғысы келіпті. 

Алайда коронавирус пандемиясы Роналдуды бұл райынан қайтарған. Футболшыға жақын адамдардың айтуынша, ол пандемияға дейін ПСЖ сапына ауысуға жақын болыпты. 

Биыл Роналду "Ювентус" сапында Италия біріншілігінде 33 кездесуге қатысып, 31 гол және алты нәтижелі пас берген. Туриндік клуб шабуылшыны 2018 жылы "Реалдан" 112 миллион еуроға сатып алғантұғын. 

Италия біріншілігінің қорытындысы бойынша "Ювентус" топ жарып, қатарынан тоғызыншы рет чемпион атанды. 








Метки: