"Реалдың" бұрынғы жартылай қорғаушысы бас бапкерлік қызметінен қуылды

Гути. Сурет: "Альмерия"©
Мадридтік "Реалдың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Гути (Хосе Мария Гутьеррес Эрнандес) "Альмерия" командасының бас бапкерлік қызметінен кетті. Бұл ақпарат клубтың Twitter парақшасында жарияланды. 

43 жастағы маманмен клуб екі жақты келісім бойынша шартнаманы бұзған. Бұдан бұлай Гутидің орнын 43 жастағы португалиялық маман Мариус Силва басады. Ол футболшы кезінде "Боавишта", "Нант", "Порто" және "Рекреативо" секілді командаларда ойнаған. 



Гути "Альмерия" командасын 2019 жылдың күзінен бастап жаттықтырды. Ал оған дейін ол "Реалдың" жастар құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ испаниялық маман "Бешикташтың" бас бапкерінің көмекшісі болған. 

Биылғы маусымда "Альмерия" 35 турдан кейін Сегундада (Испанияның екінші біріншілігі) үшінші орында келеді. Команданың еншісінде 56 ұпай бар. Екінші орыннан бес ұпайға қалып келеді. Ал Испанияның Ла Лигасына бірінші тұрған екі команда тікелей жолдама алады. 





Метки: