Испания
24 шілде 2020 18:32

"Реал" Зиданның ұлымен келісімшартты ұзартпайтын болды

Лука Зидан. Сурет: trbna.com©

"Реал" команданың бас бапкері Зиннедин Зиданның ұлы, команданың үшінші қақпашысы Лука Зиданмен келісімшартты ұзартпайтын болды,- деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. 

Өткен маусымда 22 жастағы қақпашы "Расинг" клубында жалда ойнаған болатын. Қазіргі уақыта Зиданды франциялық "Монпелье" командасы өз қатарында көргісі келеді екен. 

"Корольдік" клуб Луканың орнына украиналық қақпашы Андрей Лунинді қайтарып алмақшы. Ол өткен маусымды "Овьеда" сапында жалда өткізіп, бас бапкер Зиданның көңілінен шықты. Енді алдағы маусымда ол Тибо Куртураның орнын басатын екінші қақпашы болады. 

Еске салайық, биыл "Реал" өздерінің басты қарсыластары "Барселона" клубын артта қалдырып, Испания чемпионы атанды.