Испания
20 желтоқсан 2018 10:00
 
"Реал" Моуриньоны қайтарғысы келеді - БАҚ

  Пікірлер

blog.share

"Реал" Моуриньоны қайтарғысы келеді - БАҚ © інфоспорт

Мадридтік "Реал" клубы Жозе Моуриньоны маусым аяқталысымен бас бапкер ретінде командаға шақырып, португалиялық маманға жыл сайын 20 миллион еуролық келісімшарт ұсынбақшы, - деп хабарлайды РИА Новости.

El Pais басылымының мәліметінше, "Корольдік клуб" басында Моуриньоға жылына 15 миллион еуро ұсынған, сондай-ақ құрамның нығайатынына сөз беріп, жаңадан келетіндерді өзі таңдауына мүмкіндік берген. "Реал" басшылығы бірінші ұсыныстың жаубын күтпей жатып, жылына 20 миллион жалақы беру туралы ұсыныс жасаған. Қос тарап арасындағы бейресми байланыстар қазанда басталған.

Daily Mail басылымы испаниялық клуб "Манчестер Юнайтедке" 5 миллиион еуро өтемақы төлемеу үшін 1 шілдеде Моуриньоны тағайындауды көздеп отырғанын жазады.
Сейсенбіде Моуриньо "Юнайтед" клубының бас бапкері қызметінен кететіні туралы хабарлады. Оның орнына маусым аяқталғанға дейін норвегиялық Уле-Гуннар Сульшер басқаратын болады. Моуриньо 2010-2013 жылдары аралығында "Реалды" басқарды. Оның басшылығымен елордалық команда Испания чемпионы және ел кубогының иегері атанды.

Қазіргі уақытта "Реалды" аргентиналық Сантьяго Солари жаттықтырады. 29 қазанда Хулен Лопетеги "Реал" бас бапкері қызметінен кеткеннен кейін, ол 2021 жылдың 30 шілдесіне дейін келісімшартқа отырған.

Жарнама

Живи спортом!