Испания
14 қыркүйек 2020 19:32

"Реал Мадрид" Эден Азармен психологиялық жұмыс жүргізбек

"Реал Мадрид" клубының басшылығы команданың шабуылшысы Эден Азармен психологиялық жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр,- деп хабарлайды OK Diario басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, Азар жарақат алып қалудан қорқатын көрінеді. Бас бапкер Зинедин Зидан мен оның көмекшілері футболшыны қорқыныштан арылту үшін жұмыс істемек.

Өткен маусымда Азар Ла Лигада 16 матч өткізіп, бір гол соқты және алты нәтижелі пас берді. Эден бірнеше рет жарақат алып, клуб жанкүйерлерінің үмітін толықтай ақтай алмады, сондықтан клуб ойыншының психологиясымен байыпты жұмыс істеуге ниетті.

Еске сала кетейік, "Реал Мадрид" өткен маусымда Испания чемпионы атанған еді.