"Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти туриндік "Ювентус" сапында өнер көрсететін Криштиану Роналдуды қайта мадридтік командаға алғысы келетінін айтты, деп жазады Marca.
Басылымның ақпараты бойынша, Анчелотти 36 жастағы ойыншыны қайтарып алу үшін Роналдудың агентімен байланысқа шыққан. Мадридтік команданың көпшілік футболшылары де шабуылшының қайтып келуіне қарсы еместігін білдірген.
Бірақ "Реалдың" президенті Флорентино Перес болса командаға Роналдуды емес, "Пари Сен-Жермен" командасының шабуылшысы Килиан Мбаппені алғысы келеді. Егер президент франциялық шабуылшыны сатып ала алмаса, онда Криштиануды қайтарып алудың әрекетін жасайды.
Еске салайық, Анчелотти мен Роналду бұған дейін "Реалда" бірге жұмыс істеген. Тарқатып айтсақ, олар 2013/14 жылғы маусымда Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын.