"Реал" команда капитаны Серхио Рамостың орнын басатын футболшыны тапты

Серхио Рамос. Сурет: Reuters©
Мадридтік "Реал" жазғы трансферлік кезеңде қорғаныс шебіне жаңа футболшыларды сатып алмақшы. Бұл туралы COPE хабарлап отыр. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, "корольдік клуб" әлі де команданың капитаны Серхио Рамосқа жаңа келісімшарт ұсынбапты. Оның шартнамасы маусым соңында аяқталады. 

Команданың президенті Флоринтино Перес 34 жастағы қорғаушыға келісімшартын ұзарту туралы ұсыныс жасаған. Бірақ әлі екі тарап отырып, келіссөздер жүргізбеген. 

Енді жазда Рамостың орнына "Реал" сапында "Вильяреал" қорғаушысы Пау Торрес ауысуы мүмкін. Торрес Рамостың орнын баса алады деп айтылып жатыр. 

Торрес "Вильяреал" тәлімгері. Бұл команда сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Биыл 23 жастағы қорғаушы Испания біріншілігінде 17 ойынға қатысып, екі гол соққан. 

Рамос болса "Реал" сапында 2005 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оған дейін "Севилья" намысын қорғаған. 34 жастағы қорғаушы мадридтік командамен 22 жүлде жеңіп алған. 



Метки: