Испания
10 қыркүйек 2020 11:12

"Реал" Гарет Бэйлден құтылудың жолын тапты

Гарет Бэйл. Сурет: Reuters
Мадридтік "Реал" Уэльс құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйлден құтылуға ниетті. 

The Telegraph басылымының хабарлауынша, "королдік клуб" егер шабуылшы басқа клубқа ауысатын болса, оның жалақысының жартысын төлеуге дайын екен. Бэйл команда сапында ең жоғары жалақы алатын футболшылардың бірі. Ол жылына 17 миллион еуро алады.

Дереккөздің ақпараты бойынша, Бэйлге бірнеше ағылшындық клуб қызығушылық білдіріп отыр екен. Шабуылшының мадридтік командамен 2020 жылдың жазына дейін келісімшарты бар. 

Бэйл "Реал" сапына 2013 жылы "Тоттенхэмнен" ауысып келді. Ол кезде трансфердің құны 101 миллион еуро болған еді. Өткен маусымда 31 жастағы шабуылшы Испания біріншілігінде 16 кездесуге қатысып, екі гол және екі нәтижелі пас берді.