"Реал" футболшысы Чемпиондар лигасы ойыны алдында вирус жұқтырып алды

Сурет "Реал" сайтынан алынды.

Мадридтің "Реалдың" ойыншыларының бірі Чемпиондар лигасындағы миландық "Интер" ұжымына қарсы кездесу алдында коронавирус жұқтырып алды,- деп хабарлайды Marca.

"Реал" мен "Интер" арасындағы ойын сейсенбі күні Мадрид қаласында өтеді. 

Коронавирус жұқтырып алған футболшының есімі аталмады. Жуық арада енді "Реалдың" барлық футболшылары тағы да тест тапсырулары керек. 

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы топтық кезеңі В тобында "Шахтер" командасы төрт ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейін екі ұпай жинаған "Боруссия" мен "Интер" командалары жайғасқан. Ал "Реал" болса бір ұпаймен төртінші орында тұр. 

 

Метки: