"Реал" футбол әлеміндегі ең қымбат бренд атағын сақтап қалды

Сурет: france24.com©
Мадридтік "Реал" Brand Finance компаниясының нұсқасы бойынша 2020 жылғы футбол әлеміндегі ең қымбат бренд рейтингінде бірінші орынды сақтап қалды, - деп хабарлайды РИА Новости. 

"Корольдік клубтың" брендінің құны 1,846 миллиардтан 1,572 миллиардқа дейін түсіп кеткен. Екінші орында "Барселона" (1,565) тұрса, үздік үштікті ағылшындық "МЮ" (1,456) түйіндеп тұр. 

Сондай-ақ үздік ондыққа "Ливерпуль" (1,398), "Манчестер Сити" (1,245), "Бавария" (1,169), "Пари Сен-Жермен" (1,071), "Челси" (1,051), "Тоттенхэм" (868 миллион) және "Арсенал" (796 миллион) кірген. 



Метки: