"Реал" Эдегорды жалға беруден қайтарып алмақшы

Фото: Blancos.info
Испания чемпионатының соңғы маусымын «Реал Сосьедад» клубында жалға алынып, ойнаған «Реалдың» жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор Мадридке қайтып оралады,- деп хабарлайды Marca. Эдегор бастапқыда Сан-Себастьянда өнер көрсетуі керек еді, енді ол ары қарай ойынға қатыса алмайды. Еске сала кетейік, жалдау шартына «1+1» келісімі бойынша қол қойылған. "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан келесі маусымда норвегиялыққа үмір артып отыр, сондықтан оның тезірек сапқа қосылуын талап етуде.
Өткен маусымда 21 жастағы жартылай қорғаушы 31 матч өткізіп, төрт гол соғып, 7 рет нәтижелі пас берген. Мартин Эдегор мадридтік клубқа «Стрёмсгодсеттен» 2015 жылы ауысып келген. Сондай-ақ норвегиялық жартылай қорғаушы «Херенвен» (2017-2018) және «Витесс» (2018-2019) клубтарында жалға ойнаған.
Метки: