Мадрдитік "Реалдың" президенті Флорентино Перес команданың бас бапкері Зинедин Зиданның жұмысына толық көңілі толады.
OK Diario тілшісі Эдуардо Инданың El Chiringuito de Jugones эфирінде команданың президенті франциялық маманға мәңгілік келісімшарт ұсынайын деп жатыр екен. Бұл келісімшарт бойынша, Зидан команданы қанша жаттықтырғысы келсе, сол уақытқа дейін мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар Перес Зидан бапкерліктен кеткеннен соң команданың бас директоры болып, барлық спорттық шаралардың өтуін қадағалауды қалайды.
"Реал" басшылары Зиданды Алексе Фергюсон секілді команда тізгінін ұзақ уақыт басқарғанын қалап отыр. Айта кетейік, шотландиялық маман "МЮ" клубын 27 жыл басқарып, талай табысқа жетті.
Еске салайық, "Реал" биыл Зиданның бастамасымен Испания чемпионы атанды. Енді команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "МС" командасына қарсы екінші кездесуді өткізеді. Бірінші кездесуде бұл команда 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Испания
21 шілде 2020 19:54
"Реал" басшылары Зиданға мәңгілік келісімшарт ұсынбақшы
Сурет: Reuters