"Реал" "Барселона" қызығушылық білдіріп отырған шабуылшыны сатып алуға кірісті

Лаутаро Мартинес. Фото: gooool.tv©
Мадридтік "Реал" "Интер" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лаутаро Мартинесті сатып алуға кірісті. Команда 23 жастағы шабуылшының өзімен келісімшартқа келіп қойыпты,- деп хабарлайды Sportmediaset. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Мартинес "Реал"сапында жылына сегіз миллион айлық алатын болады екен. Бұл шабуылшы үшін мадридтік команда "Интерге" Лука Йовичті қосып беруге дайын. 

Еске салайық, бұған дейін Лаутароны "Барселона" командасы сатып алғысы келгені айтылды. Бірақ каталониялық команда мен италиялық команданың басшылары келісімге келе алмаған. Дегенмен футболшының өзі Лионель Мессимен бірге ойнау үшін, "Барселонаға" ауысқысы келгенін айтқан. 

Лаутароның "Интер" командасымен 2023 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты бар. 

Шабуылшы өткен маусымда "Интер" сапында 49 кездесу өткізіп, 21 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Оның футбол нарығындағы бағасы 70 миллион еуро екен. 



Метки: