Еске салайық, бұған дейін Лаутароны "Барселона" командасы сатып алғысы келгені айтылды. Бірақ каталониялық команда мен италиялық команданың басшылары келісімге келе алмаған. Дегенмен футболшының өзі Лионель Мессимен бірге ойнау үшін, "Барселонаға" ауысқысы келгенін айтқан.
Лаутароның "Интер" командасымен 2023 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты бар.
Шабуылшы өткен маусымда "Интер" сапында 49 кездесу өткізіп, 21 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Оның футбол нарығындағы бағасы 70 миллион еуро екен.