"Реал" әлемнің ең қымбат футболшысын сатып алмайтын болды

Килиан Мбаппе. Сурет: Reuters©
"Реал Мадрид" "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппені жазғы трансферлік терезеде сатып алмайды,- деп хабарлайды Le Parisien.

Дереккөздің хабарлауынша, "Реал Мадрид" көптеген еуропалық клубтар сияқты, коронавирустық пандемияға байланысты күрделі қаржылық мәселелерге тап болған. Осыған байланысты корольдік клуб француз шабуылшысын сатып алуды кейінге қалдыруы керек. Басты себептердің бірі - футболшының жоғары жалақы талап етуі.

Мбаппе ПСЖ-ға 2017 жылдың жазында "Монакодан" ауысып келді. Алдымен ойыншы париждік клубқа жалдау шарты бойынша қосылды, бірақ келісім шартта міндетті төлем болды. Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімі 2022 жылдың жазына дейін есептелген.

Франция чемпионатының ағымдағы маусымында Мбаппе 8 матчқа қатысты, 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
Метки: