Неймар Мессиге қоңырау шалып ПСЖ сапына ауысуға көндіріпті

Месси және Неймар. Сурет: Reuters©

"Пари Сен-Жермен" командасының шабуылшысы Неймар "Барселонаның" капитаны Лионель Мессиге хабарласып, оны париждік команда сапына ауысуға көндіріпті,- деп хабарлайды Mundo Deportivo басылымы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, әңгіме барысында бразилиялық футболшы Мессиге Париж қаласындағы керемет өмір туралы және команданың жақсы жақтарын айтып берген. Бірақ бұл ұсынысқа Мессидің қалай жауап бергені белгісіз. 

Айта кетейік, Мессидің "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың 30-маусымында аяқталады. Өткен маусымда капитан командадан кетуге тырысқан еді. Бірақ ұзақ келіссөздерден кейін ол командада қалды. 

Ал бұған дейін El Mundo басылымы Мессидің "Барселона" командасымен жасаған келісімшартын жариялаған болатын. Газеттің ақпараты бойынша, шабуылшы соңғы төрт жылда командадан 555 миллион еуро алады екен. Осы жағдайдан кейін Месси ақпаратты таратып жіберген клуб басшылығын сотқа беретінін мәлімдеп, командадан кететінін айтты. 



 

Метки: