Неймар Испаниядағы салық төлемеген адамдардың ішінде көш бастады

Сурет ПСЖ сайтынан алынды.
"Барселонаның" бұрынғы футболшысы, "Пари Сен-Жермен" командасында ойнайтын Неймар Испаниядағы ең ірі көлемде салық төлемеген адамдар тізімінде бірінші орында тұр,- деп хабарлайды Abc.es.

Неймардың салық қарызы 34,6 миллион еуроны құрайды.Тізімде футболшы 15,9 миллион еуро қарызы бар кәсіпкер Агапито Гарсия Санчесті айналып өтті. 2019 жылы Испанияның салық органдары Неймарды қаржылық алаяқтық жасады деп күдіктенді. Салық органдарының пікірінше, Неймар "Барселонамен" келісімшарт ұзартылғанда және кейіннен француз клубына 2017 жылы ауысқан кезде кірістің бір бөлігін әдейі жасыруы мүмкін.

Неймар "Барселонада" 2013-2017 жылдар аралығында ойнаған. Кейінірек бразилиялық футболшы ПСЖ-ға ауысып, осы күнге дейін сол клубта өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда Неймар Париждік клуб үшін 2 матчқа қатысып, қызыл қағаз алып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады.
Метки: