Неймар "Барселонадан" 40 миллион еуро көлемінде өтемақы талап етуде

Неймар. Сурет: Reuters©
"Пари Сен-Жермен" футболшысы Неймар "Барселонадан" 43,6 миллион еуро алуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды Marca.

Естеріңізге сала кетейік, 28 жастағы футболшы бұған дейін каталондық клубтан 2016 жылы келісімшартты ұзартқаны үшін бонус ретінде төленуі керек болған 43,6 миллион еуроны алу үшін сотқа жүгінген болатын. Бір жылдан кейін бразилиялық ПСЖ-ға ауысып кетті.

Арыз қаралғаннан кейін Неймардың талаптары қабылданбады. Сонымен қатар, ойыншының өзі "Барселонаға" 6,7 миллион еуро төлеуге міндеттелді. Бразилиялық шабуылшының адвокаттары сот шешіміне апелляциялық шағым түсіргені және "Барселонадан" бонус төлеуді талап ететіні туралы хабарланды.

Неймар ПСЖ-ға 2017 жылдың жазында "Барселонадан" ауысқан болатын. Трансферлік сома рекордтық 222 миллион еуроны құрады.
Метки: