Мессси Испания біріншілігіндегі шабуылшылар арасында тарихи рекорд жасауға жақын

Лионель Месси. Сурет: Reuters©️
"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси тағы бір тарихи рекорд орнатуға жақын деп хабарлайды "Чемпионат" порталы Ole басылымына сілтеме жасап. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, аргентиналық футболшы Испания біріншілігінде үздік сұрмерген атағын, яғни "Пичичи" жүлдесін ең көп жеңіп алған шабуылшы атануға жақын. Осы уақытқа дейін Месси үздік шабуылшы деген атақты 2010, 2012, 2013, 2017, 2018 және 2019 жылдары алты рет жеңген. 

Бұл жүлдені 1945, 1946, 1947, 1950, 1951 жәге 1953 жылдары Тельмо Зарра деген шабуылшы да алты рет ұтқан. 

Қазір Испания біріншілігінің үздік сұрмергені атағы үшін таласта Мессиді "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема қуып келеді. Аргентиналық шабуылшының еншісінде 23 гол болса, франциялық шабуылшыда 21 гол бар. 

Испания чемпионатының соңғы турында "Барселона" түзде "Алавеспен" кездессе, "Реал" да сырт алаңда "Леганеспен" ойнайды. 


Метки: