Мессиден де асып түсті. Роналду әлемдегі ең сыйлы спортшы атанды

Криштиану Роналду. Сурет: Reuters©
YouGov зерттеу орталығы туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналдуды әлемдегі ең сыйлы спортшы деп таныды. Бұл туралы Give Me Sport хабарлап отыр. 

Жалпы YouGov тізген рейтингте Роналду алтыншы орынға жайғасыпты. Ал каталониялық "Барселонаның" капитаны Лионель Месси болса 11-орында. 

Тізімде танымал баскетболшы Майкл Джордан да бар. Ол 13-орынға жайғасқан. 



Сондай-ақ YouGov Роналду мен Мессидің әлемнің әр еліндегі абыройы қандай екенін де зерттеп шыққан. Оның қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқан 42 елдің 32 өкілі Роналдудың сыйлы екенін айтыпты. 






Метки: