Мессиді қандай командалар сатып алғысы келетіні белгілі болды

Лионель Месси. Сурет: Reuters©
Испаниялық Sport.es басылымы 33 жастағы "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси қай командада карьерасын жалғастыруы мүмкін екені туралы материал дайындады. 

"Барселона" басшылары Мессиден командадан кететіні туралы хат алған. Капитан Чемпиондар лигасындағы "Бавариядан" 2:8 есебімен оңбай жеңілгеннен кейін мұндай шешім қабылдаған. Қазір енді команда басшылары шабуылшыны қалай командада сақтап қалудың жолын қарастырып отыр. 

Мессиді бірінші кезекте ПСЖ командасы сатып алғысы келіп отыр. Сондай-ақ ағылшындық "Манчестер Юнайтед" ұжымы да шабуылшы үшін қыруар ақшаға шығындалуға дайын. Бұл екі команда тіпті "Барселона" талап еткен 700 миллион еуроны беру жолын қарастырып отыр. 

Аргентиналық футболшы басқа командаға екі жолмен ауысуы мүмкін. Заңсыз және заңды. Заңды жолмен Леоны ешкім ала алмайтын шығар. Тек шабуылшы Неймар секілді өзінің трансферін өзі сатып алмаса. Ал Заңсыз жолмен ПСЖ командасы сатып алуы мүмкін. Ол үшін париждік команда бірнеше футболшысын сату керек. Оның өзінде қаржылық фейр-плей ережесі бұзылады. Қазір ПСЖ басшылары осы мәселеден қалай шығуға болатын жолын қарастырып жатыр-мыс. 

Ағылшындық басылымдардың ақпараты бойынша, Месси "Манчестер Юнайтедпен" келіссөз жүрігізіпті. Бұл команда "алтын допты" алты рет жеңген футболшы үшін кез-келген ақшаны беруге дайын екен. 

Сондай-ақ таласқа "Интер" де қосылды. Миландық команданың қытайлық басшылары Мессиге футбол тарихында болмаған келісімшарт ұсыныпты. 

Месси - "Барселона" тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген. Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пас берді.


Метки: