Сондықтан енді ол келісімшартты бұзу үшін сотқа баруы керек. Алайда Месси мұндай қадамға барғысы келмей отыр.
33 жастағы аргентиналық футболшы "Барселонадан" абыроймен кеткісі келеді. Сол үшін де ол келесі маусымда ойнап, жанкүйерлермен қоштасып кетпекші. Сондай-ақ ол Неймардың қателігін қайталауға ниетті емес. Бразилиялық футболшы 2017 жылы "Барселона" басшыларымен жанжалдасып кеткен болатын.
Биыл Месси ешқандай сотқа жүгінбей келісімшартты бұзғысы келген еді. Бірақ команда басшылары оған мұндай мүмкіндік бермеді.
Месси - "Барселона" тәлімгері. Ол командаға 2000 жылы қосылып, бүкіл карьерасын осы ұжымда өткізген. Биыл шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пас берді.