Месси "Манчестер Сити" командасына ауысуға ниет білдірді

Лионель Месси. Фото: barcelonafc.ru©
"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси ағылшындық "Манчестер Сити" командасына ауысуға ниет білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат" Вероника Брунати деген тілшіге сілтеме жасап. 

Месси өзінің ниеті туралы ағылшындық команданың бас бапкері Хосеп Гвардиолаға білдірген. "Ақша - проблемма емес. Мен "МС" ойыншысы атанғым келеді", - деген Месси. 

Аргентинкалық футболшы командасы еурододаларға бәсекеге қабілетті болуын қалап отыр. Ал "Барселона" қазір жүлдеге таласа алмайды деп санамайды екен. "Манчестер Сити" командасы болса шабуылшығы екі жылдық келісімшарт ұсынуда. Команда келісімшартты тағы бір жылға созуы ықтимал. 

Одан бөлек, "МС" Мессидің құны үшін беретін үш футболшыны дайындап қойыпты. Сонымен қатар үстінен 100 миллион еуроға беруге дайын. 

Месси "Барселонадан" кету туралы ниетті Чемпиондар лигасында "Бавария" командасынан 2:8 есебімен жеңілгеннен кейін білдірді. Бірақ қазір команданың президенті Жозеп Мария Бартомеу капитанды сақтап қалу үшін барлығын жасап жатыр. Тіпті Мессидің команда қалуы үшін ол отставкаға кететінін айтты. 




Метки: