Месси "Интерге" ауыса ма? Италиялық клубтың бапкері бұл сұраққа нүкте қойды

Сурет: footballhd.ru

"Интер" командасының бас бапкері Антонио Конте "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессидің италиялық клубқа ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат". 

"Мессидің "Интерге" ауысады деген ақпарат өтірік. Бұл сыбыстарға сенбеңіздер. Ол "Интерге" ауыспайды. Тіпті фэнтези футболда да", - деді бапкер. 

Еске салайық, бұған дейін 33 жастағы "Барселонаның" капитаны 2021 жылы "Интерге" ауысып, жылына 50 миллион жалақы алады деген қауөсет тарап кетіп еді. 

Месси "Барселона" клубының тәлімгері. Карьерасын түгел осы клубқа арнаған футболшы. Оның каталондық клубпен 2021 жылдың маусымына дейін келісімшарты бар. Биылғы маусымда ол "Барселона" сапында барлық турнирде 42 кездесуге қатысып, 30 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді. 




 

Метки: